8.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
Басқада Жаңалықтар

Мұхтар Әбілязовтың ағасы неге Қазақстанға оралғанын айтты

Мұхтар Әбілязовтың ағасы Қуаныш Нұртазин Қазақстанға не себепті оралғанын айтып, шетелде қашып жүргендерге үндеу жасады. Ол бұл туралы «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Мен іздеуде жүргенімді білген жоқпын. 2014 жылы ауруханадан шығып келе жатқанымда полиция ұстады. Сол кезде түсіндім. Маған «босқын» деген ат берді. Осы уақытқа дейін Литвада болдым», — дейді Қуаныш Нұрғазин.

Өзге елде жүріп, оның денсаулығы күрт нашарлаған. Бірнеше күрделі ота жасаған. Созылмалы ауруға шалдыққан. Ал кейінгі 5 жылда жиенімен байланысы үзілгендіктен қаржылай қолдау да болмаған көрінеді. Ол Қазақстанға келу үшін Литваның саяси қамқорлығынан да бас тартқан.

«Жиенім үшін өмірімнің 12 жылы шетелде өтті. Ол жерде есепте тұрдым. Жылына екі рет ауруханаға жаттым. Денсаулығыма байланысты көп өзгеріс болды. Жүректен екі рет инфаркт алдым. Буындарымды ауыстырды, екі иығым жығылғаннан үзіліп кетіп, тіктірдім. Шетелде өткен 11 жыл өмірім сол балаға байланысты болды, — деді Қуаныш Нұрғазин.

Оның елге қайтуына Қазақстандағы демократиялық өзгерістер себеп болыпты. Ендігі өмірін туған жерінде балалары мен немерелерінің қасында өткізуді жоспарлап отыр. 2023 жылы 24 шілдеде ұшақпен Литвадан Стамбул арқылы Алматы халықаралық әуежайына келіп қонған.

«Ешқашан саясатқа араласпадым. Мен оған «Сен аралас, араласпа» деп айта алмаймын. Ол мені тыңдамайды. Менің еркім өзімде. «Жаңа Қазақстан» деп жатыр ғой, демократиялық өзгерістер болады деп сенемін. Сондықтан елге, жұртқа қайтуды шештім. Мен шетелде жүрген қашқындарға соттың әділ шешімі болатынын айтқым келеді. «Отан оттан да ыстық». Сондықтан қайту керек деп есептеймін», — деді күдікті.

Бөлісу

Related posts

«Техника мен қару-жарақты тарта отырып». Қорғаныс министрлігі киноға түсіру тарифтерін жариялады

Түркістан облысында көпірдің бір бөлігі опырылғаны үшін ҚТЖ-ға айыппұл салынды

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ НАСИХАТТАУ, ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙГЕН

Leave a Comment