Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев ШЫҰ бас хатшысымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда ШЫҰ бас хатшысы Чжан Минмен кездесті, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып. Тараптар ШЫҰ жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Президент «Көпжақты диалогты нығайту — тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» тақырыбына арналған алдағы ШЫҰ-ның Астана саммитіне Қазақстан ерекше мән беретінін атап өтті.
«Менің ойымша, біз тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуіміз керек, өйткені Астана саммиті қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып өте маңызды. Бүкіл әлем саммит барысын, оның шешімдері мен келіссөздерін қадағалайтын болады. Менің түсінуімше, ұйымға мүше мемлекеттердің барлық басшылары осы саммитке қатысуға ниетті. Қабылдаушы ел ретінде Қазақстан саммиттің табысты өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды «, — деп мәлімдеді Президент.
Чжан Мин Қазақстанның ұйымның әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
«Мен Қазақстанның төрағалық етуші ел ретіндегі орасан күш-жігерін, сондай-ақ сіздердің ШЫҰ қызметін жетілдіруге ерекше көңіл бөліп отырғандарыңызды жоғары бағалаймын. Астанада саммит табысты өтеді деп күтеміз «, — деді бас хатшы.
Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің еліміз ШЫҰ-ны өңірлік қауіпсіздік, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл және мәдени-гуманитарлық алмасу процестерін ынталандырудың пәрменді тетігі ретінде қарастырады. Қазақстан басшысы сондай-ақ саммиттің қорытынды құжаттарының мазмұны бойынша мұқият жұмыс жүргізудің маңыздылығына назар аударды, онда ұйымға мүше барлық мемлекеттердің көзқарастары мен ұстанымдары ескерілуі тиіс.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Әкімнің ұлы ұрып-соғған мектеп оқушысы бұзақылық жасаған деп танылды: анасына айыппұл салынды

admin

Астанада және жеті облыста тұман, жел, қар: дауылды ескерту жарияланды

admin

СЕНАТОРЛАР ӨҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН БІРГЕ СУДЫ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

admin

Пікір қалдырыңыз