Жаңалықтар

Өзбекстаннан қонаққа келген: Шымкентте полицейлер жоғалған баланы туыстарына қайтарды

Әл-Фараби алаңында патрульдеп жүрген инспекторларға тұрғындар аталған аумақта 12 жасар баланың адасып қалғаны туралы жеткізді. Тәртіп сақшылары бірден оның ата-анасын іздеуге кірісті. Жасөспірім туыстарына қонаққа келген Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Полиция қызметкерлері бір сағат ішінде баланың ағасымен байланысып, оны туыстарына аман-есен қайтарды. Жасөспірім аулаға ойнауға шығып, үйден алыстап, адасып қалған екен. – Патрульдік полицейлерге үлкен алғыс. Қысқа уақыт ішінде жоғалған жиенімді аман-есен қайтарды. Қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, — дейді қала тұрғыны.

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Төтенше жағдайлар министрінен астаналық өрт сөндірушіні марапаттау сұралды

admin

Кейт Миддлтоннан қатерлі ісік анықталды

admin

Ақтауда вандалдар 2,5 миллион теңгеге селкілдерді сындырды

admin

Пікір қалдырыңыз