16.3 C
Shymkent
20 сентября, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында АЭС бойынша жиын өтті.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында кезекті Жолдауын таныстыру мақсатында қызметкерлерге жиын өткізілді.
Қазақстанның қазіргі энергетикалық балансы әлі де көмірге тәуелді. Бұл елдің экономикалық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, экологиялық тұрғыдан да үлкен қауіп төндіруде. Елдегі электр энергиясының 57%-ы көмірден, 29%-ы табиғи газдан өндіріледі, ал жаңартылатын энергия көздеріне небәрі 13% тиесілі. Мұндай жағдай Қазақстан үшін энергияны әртараптандыру мен экологиялық таза технологияларға көшудің қажеттілігін айқын көрсетеді. Қазақстанда АЭС салу қажеттілігі бірнеше негізгі себептерге байланысты. Біріншіден, елдің экономикалық өсуі мен халық санының артуы электр энергиясына деген сұранысты арттырып отыр. Екінші мәселе — елдегі ескірген энергетикалық инфрақұрылымның тозуы. Әсіресе көмірмен жұмыс істейтін станциялар экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып барады. 2023 жылы Қазақстан Ресейден 3,4 миллиард кВт·сағ электр энергиясын импорттап, бұл елдегі электр энергиясының 20%-ын құрады.Осыған байланысты, АЭС тұрақты әрі сенімді энергия көзі ретінде қарастырылып отыр. Үшіншіден, АЭС-тің құрылысы Қазақстанның көмір мен газға тәуелділігін төмендетіп, атмосфераға бөлінетін көміртегі шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай станциялар экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі ретінде елдің парниктік газдарды азайту бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауына көмектеседі. 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына жету Қазақстанның басты экологиялық мақсаттарының бірі. Әлемде атом электр станцияларын (АЭС) салу тәжірибесі көптеген елдер үшін энергияның сенімді әрі экологиялық таза көзі ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда әлем бойынша 64 ядролық реактордың құрылысы жалғасуда, олардың шамамен екі үштен бірі Азия елдерінде салынуда. Бұл жобалар негізінен Қытай, Оңтүстік Корея және Үндістан сияқты елдерде жүзеге асырылып жатыр. 2023 жылғы деректерге сәйкес, Франция өзінің электр энергиясының шамамен 70%-ын АЭС арқылы өндіреді, бұл елді ядролық энергетиканы пайдалану жағынан көшбасшы елдер қатарына шығарады. Францияның ядролық энергетикаға тәуелділігі елдегі парниктік газдардың төмен деңгейін сақтап, энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде. АҚШ-та қазір 92 атом реакторы жұмыс істейді, ал Оңтүстік Кореяда 24 реактор елдің шамамен 30%-ға жуық энергиясын қамтамасыз етеді. Қытайда 27 жаңа реактор салынып жатыр, олардың іске қосылуы елдің ядролық қуатын едәуір арттырады деп күтілуде. Бұл елдер жаңа қауіпсіздік технологияларын, соның ішінде шағын модульдік реакторларды (SMR), қолданып келеді, бұл атом энергиясын одан әрі қауіпсіз етуге бағытталған. Сонымен қатар Словакия мен Беларусь елдері де атом энергетикасына басымдық беріп отыр. 2023 жылы бұл елдерде жаңа реакторлар іске қосылды. Атом энергиясы бұл мемлекеттер үшін экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі ретінде қарастырылуда. Егер Қазақстан АЭС салмаса, ел бірқатар нақты тәуекелдермен бетпе-бет келуі мүмкін. Энергия тапшылығы артып, елдің сыртқы көздерге тәуелділігі күшейеді. Сонымен қатар көмірден алынатын энергияның экологиялық зардаптары ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындауға кедергі келтіреді. Сондықтан АЭС мәселесін уақтылы және тиімді шешу Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылығы үшін маңызды болмақ- Берік БЕКЖАНОВ. Осы бағыттарда аурухана қызметкерлеріне кеңәінен түсіндірді. АЭС артықшылықтары, заман талабына сай оның қауіпсізідігі басты назарда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасы инсульттің алдын алу бойынша сақтық шараларды түсіндірді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) жұқпасының алдын алу жұмыстары түсіндірді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының тұрғындар назарына!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз