9.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен келтірілген шығын соммасы 690 млн теңгені құрайды

Шымкент қаласында 2024 жылғы 9 айдың қорытындысымен қала аумағында жалпы 485 (2023ж.-559) интернет қолданушысына қатысты интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп, 74 іске азайған, 135 ic өндіріспен аяқталып (2023ж.-173), 367 істің мерзімі үзіліп (2023ж.-409), өткен жылмен салытырғанда 42 іске азайып отыр, қылмыстың ашылу пайызы 27 пайыз.
2021 жылы Шымкент қаласының аумағында 1174 интернет алаяқтық тіркеліп жалпы 553 млн 362 мың 459 тенге шығын келтірілген.
2022 жылы Шымкент қаласының аумағында 1161 интернет алаяқтық тіркеліп жалпы 878 млн 592 мың 156 тенге шығын келтірілген.
2023 Шымкент қаласының аумағында 991 интернет алаяқтық тіркеліп жалпы 870 млн 275 мың 437 тенге шығын келтірілген.
2024 жылдың 9 ай қорытындысымен келтірілген шығын соммасы 690 млн 597 мың 761 тенгені, өндірілген шығын соммасы 61 млн 731 мың 000 теңгені құрайды.
Аталған бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында «Киберпол» топ мүшелері арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, ІТ-саласындағы біліктілігі жоғары қызметкерлермен толықтырылып, нысандық тобы құрылды.
Заман дамып барлық техникалар цифрландыруға ауысқан сайын интернет алаяқтарының мүмкіндіктері де дәл солай көз ілестірместей болып мүмкіндіктерге ие болып жатыр. Интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең танымал құралдардың біріне айналды. Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Онлайн-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері:
Содан кейін олар сіздің нөміріңіз бен ақпаратыңыз бар жаңа картаны басып шығарады немесе ақпаратыңызды желіге енгізу арқылы сіздің атыңыздан сауда жасап, ақшаңызды ұрлайды. Қауіпсіздігі қорғалмаған интернетке қосылу Егер сіздің үйіңізде немесе кеңсеңізде қосылған интернет желісі қорғалмаған болса, хакерлер оны дереу өз пайдасына асыратын болады. Олар компьютерде немесе желіде сақталған жеке деректерге қол жеткізу үшін сіздің қорғалмаған интернет желіңізді пайдалана алады
Хакерлер
Осындай жағдайға тап болған кезде интернет-алаяқтықтың алдын алып, қорғану жолдары қандай?
1. Банктағы шоттарыңызды жиі тексеріп отырыңыз. Егер сіз күмәнді өзгерістерді байқап қалсаңыз, бұл туралы тиісті орындарға тез арада хабар беріңіз.
2. Компьютер мен жеке ақпаратты қорғау үшін брандмауэр мен вирусқа қарсы бағдарламалық құралды орнатыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.
3. Компьютеріңіздегі ақпараттық жүйені және бағдарламалық құралды жиі жаңалап отырыңыз.
4. Wi-Fi желісін шифрлеу арқылы қорғаңыз.
5. Сілтемеге өтуді меңзейтін хабарламалардан сақ болыңыз. Күмәнді хабарламалардағы сілтемені баспаңыз.
6. Әлеуметтік желіңізге немесе электронды поштаңызға келген күдікті хабарламаны дереу толығымен өшіріп тастаңыз.
7. Егер сіз абайсызда күмәнді хабарламадағы сілтемені басып қойған болсаңыз, антивирустық бағдарламаны қосып, жүйені толық тексеріп шығыңыз.
8. Сізге келген хабарламаның заңдылығын тексеру үшін компаниямен тікелей байланысыңыз немесе олардың веб-мекен-жайын енгізу арқылы веб-бетіне кіріп тексеріңіз. Алайда хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы веб-бетке өтпеңіз.
9. Жеке құпия сөздеріңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Сіздің құпия сөздеріңіз 8 символдан, сандардан және әріптерден құралғаны дұрыс. Әрбір онлайн тіркемелеріңізге әртүрлі құпия сөз пайдаланыңыз. Және оларды қауіпсіз жерге жазып алыңыз.
10. Хабарласқан бөгде адамдарға жеке немесе қаржылық деректеріңізді ешқашан айтпаңыз.
11. Қорғалмаған, ашық Wi-Fi желісі арқылы өзіңіздің жеке шотыңызға кірмеңіз жіне сауда жасамаңыз.
12. Ұялы телефоныңыздағы банк қосымшаларына, жеке деректерге құпия сөз енгізіп қойыңыз.
13. Сатып алатын немесе жеке деректерді енгізетін сайттардың мекенжайларына назар аударыңыз. Сайт беті «http» деп емес, «https» арқылы басталуы тиіс.
Интернет-алаяқтық жаһандық мәселе айналып отыр. Ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз.
Әйгілі медиялық тұлғалардың бйнелерін интернет хабарландыруларға орналастыру және тиімді жобалараға ақшаны салу (Инвестиция) арқылы қаражаттарын көбейтуді ұсыну арқылы алдауда, Интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету барысында жоқ тауарға сату платформалары арқылы (Kolesa.kz, OLX, Krisha kz) алдын ала төлем жасау жолымен қаражаттарын иемдену, Тауар сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жарнамаларын көру арқылы заттай тауарды 30 пайызбен қаражатқа алмастыру жолында алаяқтарға алдану (Обналичка) секілді тәсілдерді қолдануда, Сонымен қатар цифрлік заман дамуымен бірге қылмыстың жасау жолы да дамуда және қаражаттарды қолды қылу үшін түрлі тәсілдерді пайдалануда.
Айта кетсек 2023 жылы алаяқтар қылмыстық жолмен табылған қаражаттарды елміздің тұрғындарының карталарына түсіріп, оны банкоматтардан шештіріп, электрондық ақшаға айналдыру арқылы өздеріне аудартып алса, қазір танда жәбірленушілердің қаражатын бірден халықаралық «Криптовалюта» биржа платформаларын қолданатын азаматтардың есепшоттарына аударып, олардан электрондық қаражаттарын шет есепшоттарына аудартып, иемденуде. мемлекеттердің Интернет желісі арқылы жасалатын қылмыстың бір үлкен ерекшелігі ол қашықтықта жасалуы және қылмыскермен жүзбе жүз кездеспеуі Егер Сіз, интернет-апаяқтың құрбаны болғыңыз келмесе, өз қаражаттарыңызға сақ болыңыз! Өзіңіз бөгде адамға мүмкіндік бермесеңіз, Сіздің қаражаттарыңыз аман болмақ!

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы №34 учаскелік полициясында алаяқтық қылмыстар саны 15-тен 14-ке немесе -6,7 пайызға төмендеген.

AdiletTV

ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың 25 қазанға арналған жұмыс кестесі

AdiletTV

город Шымкент: полицейские провели мероприятие по профилактике бытового насилия

AdiletTV

Leave a Comment