13.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

Шымкент қаласының полиция департаменті Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.
Полицейлер еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа сеніммен қадам басу үшін денсаулықтың қажет екенін, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екенін, сондай-ақ есірткі қылмыстарына қатысудың салдарын ескертуде.Нашақорлық – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну «зиянды ләззаттарға» жатады. Өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.
Нашақор деген кім, ұстап алып түрмеге жауып қоятын қылмыскер ме әлде ем
деуге жатқызатын ауру ма? Оның мұндайға баруына не себеп болды?
Нашақорлық – биологиялық, үдемелі және өлімге душар ететін ауру. Адам баласы өзінің алғашқы есірткісі ретінде героинды қабылдамайды, керісінше, ол марихуана, стимуляторлар мен құрамында есірткі бар дәрілік заттарды қабылдаудан бастайды. Адамдар арасында жеңіл есірткі түрі туралы жалған мәлімет тарап кеткен. Егер адам баласы марихуананы шегіп, өлмеген болса, онда героинда сондай қауіпті емес деген ой пайда болады. Жеңіл деген есірткінің өзінде ар жағында үнемі ауыр тәуелділікке әкеп соғатын есірткілер тұрады. Жеңіл есірткі дегеніміз – ол мүлдем жалған және ол есірткі қолданатын адам санын көбейтуге бағытталған деп айтуға болады.
«Ләззат алу» кезеңі өте қысқа – 3-5 ине героин, 23 ине амфетамин салу. Бұталы өсімдіктерден дайындалған есірткілерді пайдалану кезінде тәуелділік өте жылдам қалыптасады. Содан ары есірткі дәріге, нашақор мүгедекке айналады да тән тәуелділігі қалыптасады. Науқас адамға «кінәлі» деп қарауға да болмайды.
Нашақорлық — адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Нашақорлық – өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу біздің қолымызда.
Осы мақсаттағы кезекті іс-шара «Болашақ» колледжінде жалғасын тапты. Мамандар студенттік жастарға толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі белгіленбеген орындардағы қоқыстар мен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

AdiletTV

Түркістан облысы: адам папиллома вирусы

AdiletTV

АҚША ДА ЖОҚ, МАЛ ДА ЖОҚ. АЛАЯҚҚА ТҰСАУ ДА ЖОҚ!

AdiletTV

Leave a Comment