Полиция 22 жасар тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады. Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп жариялап отырған.
Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтықта төлеу шотын жіберу арқылы алған.
Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған.
Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды.
“Киберпол” бөлімінде онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймақтарында болуы мүмкін екенін атап өтті.
Полиция ескертеді: онлайн сатып алу кезде, тауарды қолға алғаннан кейін төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз; бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғын тексеріңіз; ешқашан жеке деректеріңізді және банк карталарының кодтарын бейтаныс адамдарға жолдамаңыз.
*******
Несуществующие бренды за млн тенге продали мошенники шымкентцам
Полиция задержала 22-летнего таразца и двоих его приятелей из Алматы и Шымкента, которые создали в соцсети фейковый аккаунт магазина брендовой обуви и сумок. Фото товаров для своего «интернет-магазина» они копировали с реальных торговых площадок.
Покупателям они разъясняли условия поставки и получали оплату переводом или отправляя удаленный счет.
Так и не дождавшиеся товара заказчики обратились с заявлениями в полицию.
По факту неоднократного мошенничества сейчас проводится расследование.
Подозреваемые взяты под стражу.
В отделе «Киберпол» отметили, что потерпевшие от действий онлайн-аферистов могут быть по всей стране.
Полиция предупреждает: пользуясь сайтами объявлений, постарайтесь договориться об оплате после получения товара; попросите выйти на связь через видеозвонок, убедитесь в наличии товара; никогда не отправляйте свои персональные данные, номера и коды банковских карточек незнакомым лицам.