adilettv

Кәсіпкерлер палатасында «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы таныстырылды

Кәсіпкерлер палатасында «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы таныстырылды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Өңдеу өнеркәсібі салалық кеңесінің отырысы өтті. Оған Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, «KazTrade» және «Отбасы банкі» АҚ өкілдері, кәсіпкерлер, компания басшылары қатысты.

Жиында экспорттық акселерация туралы түсіндіріліп, «QazTrade» АҚ ұсынатын мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары, компаниялардың халықаралық нарықтарға шығуы мен проблемалық аспектілеріне қатысты мәселелер қозғалды.

Одан кейін «Отбасы банкі» АҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Еркін Ахыншаев банк ұсынатын «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын таныстырды.

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасына Қазақстан азаматтары немесе қандастар дәрежесі бар азаматтар қатыса алады. Бастапқы жарна – 10 пайыз. Несие өтінім берушінің санатына орай жылдық 7 немесе 9 пайыз мөлшерлемемен беріледі. Алматы мен Астана қалаларында – 36 млн теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін ұсынылады. Мерзімі – 19 жыл. Бағдарламаға қатысушының соңғы 5 жылда баспанасы болмауы тиіс, жинағында 2 млн теңге жиналуы қажет. Сонымен қатар, ең бастысы – жұмысшы мамандықтар мен экономикалық белсендікке сәйкес келіп, жұмыс орнынан банк бекітген үлгіде анықтама тапсыруы қажет», – деді Еркін Ахыншаев.

Банк өкілдерінің айтуынша, бағдарламаның мақсаты – жұмысшы мамандықтары өкілдерінің баспаналы болуына мүмкіндік беру. Бағдарлама 2025 жылдың 17 наурызынан бастап іске қосылды.

Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Южно-Казахстанском высшем медицинском колледже прошла встреча по проекту «Казахстан без насилия»

Admin

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖЕКЕ БАСЫНА АРТЫҚШЫЛЫҚ БЕРЕТІН БІРДЕ-БІР НОРМА ЖОҚ

Admin

Nappa.kz ТОО: Статистический обзор инвестиции в 400 млн тенге и годового производства 200 тысяч пар обуви

Admin

Пікір қалдырыңыз