adilettv

АЛИКА МҰХАМАДИЕВА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты Алика Мұхамадиеваны ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиялық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда сот үкіміне сәйкес, жазаны өтеу мерзімі кейінге шегерілді, себебі сотталушының екі жасар баласы бар.

Соттың мәліметінше, мұндай жаза өтеуді кейінге қалдыру 2025 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енген заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті норма болып табылады. Енді кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, егер тағайындалған бас бостандығынан айыру мерзімі бес жылдан аспаса және қылмыс ауыр санатқа жатпаса, жазаны өтеу кейінге қалдырылады.

Еске салайық, 2025 жылдың шілдесінде желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған кәсіпкер әйел уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы жазған едік. Алика Мұхамадиеваның ұсталуына, «Қазақстан несімен танымал?» деген сауалға «Мамбетами» деп жауап беруі себеп болған. Сондай-ақ ол қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді «полукалбитский диалог» деп келемеждеген. Бүгін сотта соңғы сөзін айтқан Алика Мұхамадиева ісіне өкінетінін айтып, үкім шығар алдында жылап жіберді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ЖАҢА ЖОБАЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР

AdiletTV

Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

AdiletTV

В Алматы установили мемориальную доску, посвященную Еркинбаю Акимкулову

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз