7.3 C
Shymkent
4 марта, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІН ҮЙЛЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ «ОТБАСЫ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

▪️2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үй саясатына енгізілген реформаларға сәйкес тұрғын үй кезегі «Отбасы банк» акционерлік қоғамына өткізілді. Енді тұрғын үйге қатысты мәселелер мен өтініштер осы банк арқылы реттеледі. Жаңа талапқа сәйкес, кезекте тұрған әрбір азамат «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетіне кіріп, деректерін өңдеуге келісім беруі тиіс.

▪️Облыс бойынша түгендеуден өтуі қажет 69 119 азаматтың 33 028-і немесе 47,8 пайызы рәсімделген. Арыс қаласы мен Төлеби, Ордабасы, Отырар аудандарында бұл көрсеткіш төмен деңгейде қалып отыр. Соңғы айда Арыс қаласында – 195, Ордабасы ауданында – 188, Созақ ауданында 54 азамат түгендеуден өткен. Облыс әкімі аталған кемшіліктерді жедел жоюды тапсырды.

▪️Аталған мәселелер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен мәжілісте кеңінен талқыланды. Жиында тұрғын үй кезегі, пәтерлерді үлестіру, ақпараттық жүйелерді түгендеу және жалдау ақысын субсидиялау бағытындағы жұмыстар жан-жақты қаралды.

▪️Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің баяндауынша, бүгінде Түркістан облысында 113 536 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл республика бойынша кезекте тұрғандардың 11,1 пайызын құрайды. Кезекте тұрғандардың басым бөлігі Түркістан қаласы, Сарыағаш және Төлеби аудандарына тиесілі.

«Отбасы банктің» Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дәурен Мырзатаевтың айтуынша, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үй кезегін үйлестіру, тіркеу жұмыстары банк құзіретіне берілген. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар orken.otbasybank порталы арқылы онлайн форматта есепке қойылып, арендалық және кредиттік үйлер бойынша өтініш береді. Банк тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың цифрлық портретін қалыптастырады және олардың әлеуметтік санатына, отбасы табысына қарай тұрғын үй мәселесін шешу құралдарын ұсынады. Тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепке тұру үшін соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ, кәмелеттік жасқа толған қазақстандықтар өтініш бере алады. Бірінші кезекте жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға және өзге де санаттарға басымдық беріледі.

▪️Облыстағы кезек реттілігіне келсек, көпбалалы отбасылар (31 830 азамат немесе 28%) және І, ІІ топ мүгедектігі бар адамдардың (8 030 азамат немесе 7,1%) үлесі жоғары. Сонымен қатар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 1 990, мүгедек балалары бар отбасылар – 3 139, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер – 45, жесірлер – 390, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – 61.

▪️Сонымен қатар облыста 1 953 отбасы жалдау ақысын субсидиялау шарасымен қамтылған. 2026 жылға бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 500 млн теңге қаралған. 2023-2025 жылдары жүргізілген мониторинг нәтижесінде 6041 азаматтың өтінімі заңбұзушылықтарға байланысты тоқтатылды.

▪️Жиын қорытындысында облыс әкімі тұрғын үй кезегін реттеу, түгендеу жұмыстарын жеделдету және дайын пәтерлерді заң талаптарына сай уақтылы үлестіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Тұрғын үй саясатын жүйелеу және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: В ТЕКЕСУ ЗАПУЩЕНА СИСТЕМА ВОДОСНАБЖЕНИЯ

AdiletTV

ӘСКЕРДЕГІ САРБАЗДАР ӨЛІМІНЕН КЕЙІН БІРНЕШЕ КОМАНДИР ЛАУАЗЫМЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз