19.3 C
Shymkent
27 октября, 2026
adilettv Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Регион Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ATF ANTALYA 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

26-28 қазан аралығында Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан ATF Antalya 2026 халықаралық туристік көрмесіне Түркістан облысының делегациясы, оның ішінде Кентау қаласы мен Төле би ауданының өкілдері қатысып жатыр.

Аталған халықаралық іс-шара туризм индустриясының өкілдерін, туроператорларды, туристік бизнес мамандары мен сарапшыларды бір алаңға жинап, тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға және жаңа ынтымақтастық бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді.
Көрме аясында Қазақстанның бірқатар өңірлерінің туристік әлеуеті, сондай-ақ Түркістан облысының тарихи-мәдени мұрасы, рухани туризм бағыттары мен көрікті орындары таныстырылуда.
Халықаралық алаңда Кентау, Төле би қаласының туристік мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға, өңірдің тарихи орындары мен табиғи ерекшеліктері таныстырылуда.
Мұндай халықаралық көрмелер өңірлердің туристік тартымдылығын арттыруға, шетелдік әріптестермен байланыс орнатуға және туризм саласына инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚШ президенті: «Біз Қытаймен бәсекелестік, бірақ қақтығысты қаламаймыз»

admin

«ҚТЖ»-НЫҢ ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ

Admin

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ WORLD BOXING ПРЕЗИДЕНТІ ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз