adilettv Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан Экономика Экономика

АТАКЕНТТЕГІ КӨПІР КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ҮШІН АШЫЛДЫ

Атакент кентіндегі А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында орналасқан көпірде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысына рұқсат берілді.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көпір мәселесі көтеріліп, нысанды қысқа мерзімде пайдалануға беру жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстары жеделдетіліп, небәрі үш күн ішінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.
Жалпы А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының 2-шақырымында орналасқан көпірді күрделі жөндеу жұмыстары биыл мамыр айында басталған болатын. Жалпы ұзындығы 25,4 метр, ал жолдың ені 9 метрді құрайды. Инфрақұрылымдық жобаның жалпы құны – 358 миллион теңге. Мердігер мекеме – «TM-Bussine group» ЖШС.
Бастапқыда көпірді күрделі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған болатын. Дегенмен, тұрғындардың өтінішін ескере отырып, көлік қозғалысын ертерек ашу туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда асфальт жабындысы төселіп, автокөліктердің өтуіне мүмкіндік жасалды. Ал нысандағы қалған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жыл соңына дейін толық аяқталады.
Аталған көпірдің пайдалануға берілуі Атакент кенті мен оған іргелес елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жеңілдетіп, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.
Тұрғындар көпірдің мерзімінен бұрын көлік қозғалысына ашылғанын қуанышпен қабылдап, бұл шешімнің күнделікті тіршілік пен қатынас үшін маңыздылығын атап өтті.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРАН АУДАНЫ: БАЛАЛАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ

Admin

ҚАНДАЙ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛАДЫ?

Admin

«Мұқтаж жанға бұйыру керек еді»: Актриса Дариға Бадықова ойнатқан ұтыстың жеңімпазы белгілі актер болып шықты

Пікір қалдырыңыз