adilettv Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Экономика Экономика

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ҚЫТАЙДЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРІМЕН ТХКБ-НЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БІРЛЕСКЕН ҚОР ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екінші Тянь-Шань форумы аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қытай Халық Республикасының қаржы министрі Лань Фоаньмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға арналған бірлескен инвестициялық қор құру мәселесін негізгі тақырыптарының бірі ретінде талқыланды.

Бұл бастаманы қазақстандық тарап биыл шілде айында Шанхайда өткен Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесуінде көтерген болатын. Қазіргі уақытта алдын ала нысаналы көлемі $200 млн-ға дейін жететін және кейіннен ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған қазақ-қытай тікелей инвестициялар қорын құру мәселесі пысықталып жатыр.
Серік Жұманғарин Қорды іске қосуды жеделдету үшін оның қызметіне қатысты ортақ тәсілдер әзірлейтін екі елдің жауапты қаржы институттарын анықтауды ұсынды.
«Уағдаластықтардан жобаларды тәжірибе жүзінде қаржыландыруға көшу үшін тұтас қазақ-қытай қаржылық архитектурасын қалыптастыру қажет. Бүгінде бізде бірнеше өзара толықтырушы механизм құрылып отыр. Бұлардың әрқайсысы нақты міндеттерді шешуі тиіс», — деп атап өтті вице-премьер.
Мұнда қазіргі уақытта қалыптастырылып жатқан үш негізгі қаржыландыру тетігі туралы әңгіме болып отыр. Атап айтқанда, Silk Road Finance Corporation қатысуымен Kazakh Invest Fund; «Бәйтерек» ҰИХ және Silk Road Fund қатысуымен қазақ-қытай тікелей инвестициялар қоры және «Бәйтерек» ҰИХ, Қазақстанның Даму банкі, China Development Bank, China EximBank, Bank of China, ICBC, Sinosure және басқа да қаржы институттарының қатысуымен жобалық борыштық және сақтандыру арқылы қаржыландыру тетіктері.
Аталған тетіктердің жұмысын үйлестіру үшін Серік Жұманғарин жобалық қаржыландыру мен сақтандырудың бірыңғай қазақ-қытай «терезесін» құруды ұсынды.
«Жұмыс істеп тұрған және құрылып жатқан тетіктерді жаңа ұйым ашпай-ақ, жобалық қаржыландыру мен сақтандырудың бірыңғай қазақ-қытай “терезесі” арқылы біріктіруді ұсынамын. Бұл әрбір басым жоба бойынша ұзақ мерзімді кредиттеуді, сақтандыру өтемін, кепілдіктерді, юаньмен қаржыландыруды және қажет болған жағдайда үлестік қатысуды қамтитын кешенді қаржылық пакетті қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді вице-премьер.
Ұсынылған механизмді іс жүзінде сынақтан өткізу үшін бірнеше пилоттық жобаны анықтап, оларды инвестициялық шешім қабылдаудан бастап, қаржыландыруға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдеу арқылы қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл ірі инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру мерзімін ұзартатын жүйелі кедергілерді анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.
Тараптар басым инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша Қытайдың Экспорттық-импорттық банкімен өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта Қазақстанның көлік және коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға арналған бірқатар стратегиялық маңызды бастама пысықталуда.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда пәтерақы өсті: Студенттер не істемек

Admin

8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ӨЗІН МАЗАҚТАҒАН СЫНЫПТАСТАРЫНЫҢ ҮСТІНЕ БЕНЗИН ҚҰЙЫП, ӨРТЕП ЖІБЕРГЕН

Admin

Астанада автобус бағыттары қозғалыс сызбасын өзгертті

Пікір қалдырыңыз