adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Полиция Регион

Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру бастамасын көтерді

Конференцияда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов Астанада БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік орталығын құру туралы бастама көтерді.

Орталықтың қызметі Қазақстанды ғана емес, бүкіл Еуразия өңірін қамтиды.

— Бізге бірлескен талдау жұмысы қажет. Жекелеген қылмыстарды ғана емес, трансұлттық қылмыстық схеманы тұтастай көре білуіміз керек. Қылмыстық топтардың өзара қалай байланысатынын, ұрланған қаражаттың қалай қозғалатынын және қандай жаңа қауіп-қатерлер туындайтынын түсіну маңызды. Осы мәліметтер негізінде бірлескен шешімдер қабылдауымыз қажет, — деді министр.

 

БҰҰ басшылығы аталған бастамаға оң көзқарас білдірді.

Құрылуы жоспарланып отырған орталық қызметінің негізгі бағыттары – киберқауіптерге терең талдау жүргізу, тәжірибе алмасу, қылмыстарды тергеу жұмысын жетілдіру және мамандар даярлау.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматы маңында өлі табылған ер адамның жоғалып кетуінің егжей-тегжейлері белгілі болды

Қарағанды облысының дәрігерлеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды

admin

ПАВЛОДАРДА БІР ТОП АДАМ ТУДЫ ӨРТЕП, ЕЛТАҢБАНЫ БӨЛШЕКТЕГЕН

Admin

Пікір қалдырыңыз