adilettv

АҚТӨБЕДЕ ІРІ КӨЛЕМДЕГІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

  Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гараж кооперативтерінің бірінің аумағында 38 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, Daewoo Nexia автокөлікті тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 43 орам және екі таблетка табылып, тәркіленді.

Кейін күдікті есірткіні буып-түю үшін пайдаланған гаражды тінту барысында жертөле бөлмесінен ұнтақ тәрізді заты бар 161 орам, өзіне тән иісі бар зат салынған үш шағын ыдыс, термометр, zip-пакеттер, сары және жасыл түсті изоленталар, электронды таразы, сондай-ақ жазбалары бар жұмыс дәптері табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша ұнтақ тәрізді заты бар 44 орам, шамамен 200 бос zip-пакет, заттың қалдығы бар пластик бөтелкенің бөлігі және ноутбук тәркіленді.

Заңсыз айналымнан жалпы салмағы шамамен 500 грамм синтетикалық психотроптық заттар алынды. Бұл – заңсыз таралуы мен тұтынылуына жол берілмеген 3 мыңнан астам бір реттік доза.

Күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

17 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ҚҰНДЫЗ БЕН НАЗГҮЛДІҢ ҚАМҚОРШЫСЫ БАСҚА БАЛАЛАРДЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 600 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР СОТТАЛДЫ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз