Таулы Қарабақтағы қақтығыста Арменияның 550 сарбазы қаза тапты

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта Армениямен болып жатқан қақтығыста Арменияның 550 азаматының қаза тапқанын, сондай-ақ жараланғандар санының көп екенін мәлімдеді. Бұл туралы Trend агенттігі хабарлады.

«Таулы Қарабақтағы Талыш елдімекені үшін болған қақтығыста Арменияның 550 жауынгері қаза тапты, жараланғандары бар. Барлау қызметінің мәліметінше, қарсы тараптың 22 танкі мен бронетехникасы, 15 «ОСА» ракеталық кешені, 18 ұшқышсыз ұшу аппараты, 8 артиллериялық қаруы жойылды. Армениялық армияның қару-жарақ сақтаған 3 қоймасы да жойылды», – делінген аталған хабарламада.

Сонымен қатар, Әзірбайжан билігі Арменияның десанттық батальонының командирі, подполковник Лерник Бабаянның қаза тапқанын мәлімдеді. Ол басқарған әскери бөлім айтарлықтай шығынға батқан.

Армения тарапы аталған мәліметтерді әлі растаған жоқ.

фото: ашық дереккөз

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысты[:]

Mon Sep 28 , 2020
Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты. Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған. Әуе айлағын салу үшін 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Халықаралық әуежайдың жалпы […]