Қала әкімінің тұрғындармен онлайн қабылдауы өтті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қашықтықтан кезекті қабылдауын өткізді. Бұл жолы шымкенттіктер несие алу, қоғамдық көлік пен ауыз су және газ мәселесін айтса, енді бірі көшеге асфальт  төсеу, сапалы интернет желісімен қамту, көшеге атау беру туралы мәселелерін көтерді.

Барша азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған қала басшысы айтылған мәселелер рет-ретімен қолданыстағы заң аясында шешілетінін алға тартты. Сондай-ақ, әкім халықтың тұрмыс сапасын арттыру және коммуналдық мәселелерді шешу жұмыстары Шымкент қаласы әкімдігінің негізгі жұмыстарының бірі екенін жеткізді.

Мұрат Әйтеновтің қабылдауында болған азаматтардың жеке мәселелері тиісті сала басшыларына тапсырылып, бақылауға қойылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкенттік үш ұстаз республикалық байқауда «Үздік педагог» атағына ие болды[:]

Fri Oct 2 , 2020
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Үздік педагог-2020» байқауының қатысушыларын қабылдады. Кездесуде педагогтар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қаланың мерейін көтерген ұстаздарға шынайы алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді. Ұстазын ұлықтай білген елдің келешегі де жарқын болатынын айтқан қала басшысы республикалық  «Үздік педагог-2020» байқауына қатысқан 12  ұстазға Алғыс хат пен 400 мың теңгенің […]