Түркістан облысында балаларын ұрып-соққан ер азамат қамауға алынды

Естеріңізге сала кетсек, полицейлер 4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқаны түскен бейнежазбаны анықтады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (азаптау) бойынша тіркелді.

Департаменттің хабарлауынша, сол күні күдіктінің әйелі жұбайының балаларын ұрып-соққаны туралы полицияғы арызданған. Тәртіп сақшылары тез арада жергілікті жұмыссыз тұрғынды ұстады. Ерлі-зайыптылар 2011 жылдан бері некеде екен. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Бұған дейін әйел 2018 жылы полицияға күйеуі ұрып-соғатыны туралы ауызша айтқан, бірақ өтініш беруден бас тартқан.

«Қазір аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», – делінген хабарламада.

2019 жылдың сәуірінде ол тағы да полицияға дене жарақатын салу дерегі бойынша жүгінген. Алайда, әкімшілік өндіріс әйел күйеуін кешіргендіктен медиация арқылы тоқтатылды. Содан кейін жұбайы қайтадан жауапкершіліктен құтылып кеткен.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі [:]

Mon Oct 5 , 2020
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов БАҚ қызметкерлеріне арнайы пресс-тур аясында Түркістан қаласындағы жаңа нысандарды таныстырды. Алдымен арнайы топ әкімшілік-іскерлік орталығындағы «Конгресс Холл» концерт залымен танысты. Ғимараттың аумағы – 6438 шаршы метр. Сарайдың бірінші қабатында 1000 орындық көрермен залы, әкімшілік үй-жайлар және балалар ойын бөлмесі бар. Екінші қабатта жиналыс бөлмесі мен […]