ХҚКО-ға келу уақытын онлайн режимінде брондауға болады

Халыққа қызмет көрсету орталығы – еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың дамып отыруы – заңды құбылыс.

Осы орайда халыққа қызмет көрсету орталықтарының бүгінгі жетістігі деп брондау жүйесін айта аламыз. Себебі ендігәрі орталықтан қағаз жүзінде қызмет түрін алу үшін кезек уақытын алдын ала брондау керек. Бұл азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау мен вирусты жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған шаралар. Сонымен қатар қызметке жүгінушілердің уақытын үнемдеп, ұзақ кезектің алдын алады. Сондай-ақ, қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады. ХҚО-ның ең тәжірибелі деген және арнайы оқудан өткен 1800-ден астам қызметкері 1414 байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсетеді.

Бүгінде халықпен тікелей жұмыс жасап, құжаттарды дер кезінде дайын етіп, сапалы қызмет көрсетіп отырған осындай орталықтардың бірі – Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығы. Орталықта бір күннің ішінде 200-300-ге жуық қызмет түрі көрсетіледі. Халыққа сапалы әрі жедел қызмет көрсетіп отырған орталықтың жаңалықтары мен жетістіктері жайлы Бөлім басшысы Өмірзақ Оразбекович Борановтың өзі әңгімеледі. Толығырақ арнайы сюжеттен көре аласыздар.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Халық алғысы» медалі табысталды[:]

Mon Oct 12 , 2020
Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды. Жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдері мен еріктілер бар. Мегаполистің марапат иелеріне медальді қала әкімі Мұрат Әйтенов […]