Түркістандық полицейлер алтын мен ұялы телефон ұрлаған күдіктіні небары бір күн ішінде ұстады

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында түскі уақытта үйінде болмаған кезде, белгісіз біреулердің үйіне заңсыз кіріп, алтын бұйымдары мен ұялы телефонын ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 72 мың теңгені құрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Орын алған қылмысты ашу мақсатында Қазығұрт АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға кіріседі.

Осылайша тәртіп сақшыларының жүргізген жедел іздестіру жұмыстары барысында күдікті азамат 1 күн ішінде анықталып, тұрғылықты мекенжайында ұсталды.

Тергеу барысында анықталғандай, жергілікті тұрғынның үйіне құлпын бұзу арқылы кіріп, алтын бұйымдар мен 2 дана ұялы телефонды жымқырған. Күдікті өз арам ойын іске асырғаннан соң, ұрланған заттарды сатып жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Полицейлер ұсталған ер азаматтың бұрын бұзақылықпен сотты болғандығын анықтады.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу жалғасуда. Ол өз кінәсін мойындады. Бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді.Үйлеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.

Егерде сіз ұрлықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, міндетті түрде тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады[:]

Tue Oct 13 , 2020
Кездесуде жуырда өткен праймериздің нәтижелері талқыланды. Партия Төрағасы бірінші орынбасарының ақпаратына сәйкес, партия мүшелерінің 84,2 пайызы дауыс беруге қатысты. Оның 88 пайызы онлайн режимінде дауыс берді. Тіркелген 10073 кандидаттың 36 пайыздан астамы әйелдер, ал 29 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. Ішкі партиялық іріктеу нәтижесінде 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Оның […]