Тәуелсіздік саябағына сәндік ағаштар отырғызылды

Шымкенттегі “Тәуелсіздік” саябағында қала әкімдігі 300 түптен астам сәндік ағаш көшеттерін отырғызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын.

Президент айтқан межені жүзеге асыру мақсатында осы жылдың күз мезгілінде қала аумағында 700 мыңнан астам көшет сенбіліктер аясында егіледі.

Күздің алғашқы көшетін отырғызу үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов саябаққа арнайы келді. Сондай-ақ, тұрғындарды қаланың жасыл желекке айналуына үлес қосуға шақырды.Саябақта шырша, арша, қарағай, үйеңкі сынды түрлі хош иісті ағаш көшеттері егілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Бұл күні қала әкімдігінің құрылымдық 10-нан астам басқарма қызметкерлері Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтармен кездесті[:]

Tue Oct 13 , 2020
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдауси ауылдарын аралап, қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Үй-үйді аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Халықтың көкейіндегі мәселелерін тыңдады. «Үй тұрғызуды үйреніп алдық. Енді біз адам жалдап, әуре болмаймыз. Асарлатып там тұрғыздым. Мемлекеттен берілген қаражат толық жетіп жатыр. Мынау тұрған […]