Шымкентте өрт жағдайы 10,8 пайызға төмендеген

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев мəлімдеді.

– Шымкент қаласында жыл басынан бері 148 өрт жағдайы тіркелген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға төмен деген сөз. Ал жылу беру маусымына дайындық жайлы жеткізсем, жыл сайынғы үрдіс бойынша улы газбен уланудың алдын алу мақсатында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өтті. Бүгінде аталған қауіпсіздік айлығының 2-кезеңі жалғасуда, – деді М.Жақсыбаев.

Мадияр Есенгелдіұлының сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда тұрғын жайларды аралау мен жиындарды өткізу бойынша жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер күшейтілуде. Оған қоса, газ қызметтерінің жұмысшыларымен бірлескен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пештер мен жылыту құрылғылары тексерілуде. Жалпы тұрғын секторында 74 821 жиын, аула аралау және рейд өткізіліп, 326 812 адам қамтылған.

Брифинг соңында Департамент басшысының орынбасары тұрмыстық газ бойынша түсіндіру нұсқамасына бей-жай қараған тұрғын туралы түсірілген қысқа метражды бейнеролик бүгінде қазнетте жəне шаhардағы ледэкрандарда көрсетіліп жатқанын алға тартты. Осы орайда қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарына мұқият қарауға шақырды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті[:]

Fri Oct 16 , 2020
Шымкент қаласында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Сәтті жарнама» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қала аумағындағы маңдайша және сыртқы көрнекі жарнама мәтіндерін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» ҚР Заңдарының талаптарына сәйкес ретке келтіру. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімдіктерінің, сәулет, қала […]