Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті

Шымкент қаласында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Сәтті жарнама» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қала аумағындағы маңдайша және сыртқы көрнекі жарнама мәтіндерін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» ҚР Заңдарының талаптарына сәйкес ретке келтіру.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімдіктерінің, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, ішкі сауда және мониторингі бөлімі, тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты.

Акция барысында Тәуке хан даңғылы, Ж. Аймауытов, Сайрам, Елшібек батыр, Ш. Уалиханов көшелеріндегі жалпы 542 коммерциялық нысан тексерілді. Заң талаптарына қайшы орналастырған 80 жарнама бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек ретінде кітапшалар таратылды.

Басқарма мамандарының айтуынша, биыл 9 айда 2 мыңға жуық коммерциялық нысан тексеріліп, Заң талаптарына қайшы орналастырған 155 жарнама ретке келтірілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті бас лицензиясынан айырылды[:]

Sat Oct 17 , 2020
ҚР Білім және ғылым министрлігі тағы бір жоғары оқу орнын – Шымкент қаласындағы академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бас лицензиясынан айырды, деп хабарлайды adilettv.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Шешім жоғары оқу орнында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бірнеше рет өткен тексерулерден кейін қабылданған. Сонымен қатар Шымкент […]