Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті бас лицензиясынан айырылды

ҚР Білім және ғылым министрлігі тағы бір жоғары оқу орнын – Шымкент қаласындағы академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бас лицензиясынан айырды, деп хабарлайды adilettv.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шешім жоғары оқу орнында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бірнеше рет өткен тексерулерден кейін қабылданған.

Сонымен қатар Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да оқу орнын бас лицензиясынан айыру туралы шешім шығарған, шешім 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы кезеңде академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлікке де шағымдануға құқылы.

«Заңбұзушылықтар оқу үдерісін ұйымдастыру, талапкерлерді оқуға қабылдау, ЖОО-ны оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру төңірегінде болған», – делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, студенттер оқу семестрінің аяқталғанын күтпей-ақ басқа ЖОО-ға ауыса алады. Студенттердің барлық оқу көрсеткіштері басқа ЖОО-ға ауысқан кезде жарамды болады. Ақылы негізде оқитындар үшін оқу құны бұрынғы деңгейде қалады. Бұл мәселелерге қатысты Білім және ғылым министрлігі де өз тарапынан көмектесетінін мәлімдеді.

«Біз студенттер мен ата-аналардың мұндай шаралар, ең алдымен, студенттердің өздерінің мүдделерін ескере отырып, қабылданатынын түсінгенін қалаймыз. Егер жоғары оқу орындары білім беру саласындағы талаптарға сәйкес келмесе, диплом алғаннан кейін болашақ мамандар жұмысқа орналасу проблемаларына тап болуы мүмкін», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Өңірді қолөнер өнімдері арқылы дамыту мәселелері талқыланды[:]

Tue Oct 20 , 2020
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы “Kazakh Tourism” ҰК АҚ бастамасымен Түркістан облысы туризм басқармасының қолдауымен қолөнер өнімдері арқылы өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлмира Ахбердиева ашты. Іс-шараға “Kazakh Tourism” ҰК АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниел Сержанұлы, “Атамекен” ҰКП […]