Кентаулық кәсіпкер мал шаруашылығын жандандыруда

​ Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округіндегі «Әшәбаев» ШҚ мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алған. Жылқы және сиыр шаруашылығын ұштастырып отырған қожалықтың негізі 2000 жылы қаланған.

Шаруа иесі Ербол Әшәбаевтің айтуынша, кәсібін ең алдымен 10-ға жуық мал түрінен бастаған. Бүгінде қорасын кеңейтіп, мемлекет көмегімен мал басын арттырып отыр. Қоражайында 70 шақты сиыр, 30 шақты жылқы малын баптауда.

Сиырларды сүтті, ал жылқыларды етті бағытта өсіріп отыр. Бір күнде ірі қарадан өндірілген 120 литр сүтті Қарашық ауылына және Түркістан қаласына өткізеді. Бір жылқы шамамен 180 келіден 350 келіге дейін ет береді. Жеке кәсіпкер отбасылық шаруасын жандандыру үшін болашақта мал басын көбейтіп, сүтті бағытты дамытуды жоспарлап отыр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МӘЖІЛІС ЖӘНЕ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ[:]

Wed Oct 21 , 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады, деп хабарлайды Ақорда. Құрметті отандастар! Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында […]