Кәсіпкерлерге 51 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант беріледі

Шымкентте «Бизнестің жол картасы -2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша комиссия отырысы өтті.

Байқауға 28 қыркүйек пен 12 қазан аралығында ережеге сәйкес тиісті құжаттар қабылданған. Жобаға жалпы саны 101 үміткер қатысуға ниет білдірген. Әртүрлі саладан құралған комиссия мүшелері қатысушылардың бизнес жобаларын 27-28 қазан күндері қарады. Комиссия құрамында «SmartOn» ІТ-компаниялар қауымдастығы төрағасының кеңесшісі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, қалалық мәслихат хатшысы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми зерттеулер департаментінің директоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиал директорының орынбасары, «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы бар.

Бағдарлама аясында жобасы үздік деп танылған әрбір кәсіпкерге 2-5 млн теңге көлемінде грант берілетін болады. Жобаның жалпы қаржысы – 51 млн тенгені құрайды.

Айта кетейік, байқау Шымкентте осымен екінші рет өткізіліп жатыр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: 260 шақырым жол жөндеу жұмыстары аяқталды[:]

Thu Oct 29 , 2020
Шымкент қаласында биыл автомобиль жолдарын жөндеу мақсатында 261 нысан, яғни 416,8 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралған. Бұл қаржыға 15 нысанға құрылыс жұмыстары, 10 нысанға қайта құру, 6 нысанға күрделі жөндеу, 225 нысанға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 15 нысанға жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Оның ішінде 240 нысан немесе […]