Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Әшірбеков Берік Айдарұлы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Берік Айдарұлы 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – кадастр және жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша инженер, заңгер. С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық унивеситеті, Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын ОҚО, Созақ аудандық жер кадастр бюросының технигі, жерге орналастырушысы болып бастаған.

2010-2011 жылдары Астана қаласының жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы мемлекетік жер кадастры орталығы директорының көмекшісі, Астана қаласының жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы мемлекеттік жер кадастры орталығының өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы жер учаскелерін ресімдеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2013-2016 жылдары Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің өндірістік секторының меңгерушісінің м.а., Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары болған.

2020 жылдың 29 шілдесінен  2 қазан аралығында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте айына 5 миллион дана медициналық бетперде шығарылады[:]

Wed Nov 4 , 2020
Шымкент қаласында тәулігіне 150 мың дана медициналық бетперде, 200 мыңға жуық қолғап дайындалады. “Bіzhon” ЖШС-ы айына 5 миллионға жуық медициналық бетперде тігетін еліміздегі бірден бір кәсіпорын. Бетперделер үш қабатты бір рет қолданылады. Ал “Қазмедпром” медициналық компаниясы Қазақстандағы медициналық қолғаптың барлық түрін шығаратын алғашқы мекеме. Өндіріс орны 2016 жылы құрылған. Аумағы […]