Шымкентте кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 23,9 пайызға азайған

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Прокуратурасының басқарма аға прокуроры Дәурен Бекембаев мәлімдеді.

– Шымкент қаласында осы жылы кәмелетке толмағандар арасында 10 тексеру мен 15 талдау жүргізіліп, 73 заңбұзушылық анықталды. Аталған құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында қала прокуратурасының мобильдік тобы 92 лекция, 6 рейд жүргізді. Қолданылған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 152-ден 132-ге, яғни 23,9 пайызға төмендеді. Ал кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 1,9 пайызға кеміді, – деді Дәурен Дәулетбайұлы.

Спикердің сөзінше, қашықтықтан оқыту тиімділігін арттыру мақсатында қала прокуратурасының ұсынуы бойынша Цифрландыру басқармасы тарапынан 4 шалғайда және 7 жақын аумақта орналасқан тұрғын алапқа интернеттің базалық станциясы орнатылған. Оған қоса, 7 тұрғын алапқа осындай станциялар орнату жөнінде ұялы байланыс операторларымен келісімшарт жасалған.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Талжан РАИМБЕРДИЕВ: «ЖАСАНДЫ ҒЫЛЫМ МЕН ЖАЛҒАН ҒАЛЫМДЫҚ БАСЫМДЫҚТА ТҰРҒАНДА, БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАДА МҮМКІНДІГІМІЗ ТӨМЕН БОЛАРЫ АНЫҚ»[:]

Fri Nov 13 , 2020
Ғылым арқылы жаңа білімдерге, технологияларға ұмтылыс жасау қажеттілігі айқын және ел экономикасының қуатты көзі. Президентіміз Қ.К.Тоқаев та бүгінгі технологиялардың жылдам өзгерістеріне жедел түрде мән берілу керектігіне орай, «Жайбарақаттық таныту – ол мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру» дегені де осы жаңа технологиялар өзгерістеріне жаңа білімге ғылым арқылы ұмтылыстарды арттыру басымдықта болуына мән […]