Келесі жылы Түркістанда инфрақұрылым құрылысы толық аяқталады

Елбасының тапсырмасымен еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жаңа технологиялар енгізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, жобалар 3 бағытта жүзеге асырылып жатыр.

«Бұл, ең алдымен, инфрақұрылым. Газдандыру, жол желісін салу, сумен, жылумен жабдықтау, электрлендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын білесіздер. Қалада осы бағыттардың барлығы жаңадан салынып жатыр деуге болады. Сондықтан биыл және келесі жылды барлық инфрақұрылымды аяқтауымыз керек. Бұл жұмыстар жер астында орындалады, көзге көрінбейді, бұл ең маңызды бағыт. Екіншісі – әкімшілік-іскерлік орталық құру. Бұл орталықтың бір бөлігін тамашалай аламыз. Келесі жылы оның негізін аяқтауымыз керек. Ол үшін бірқатар өтпелі нысандар салып, адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдайлар жасалуы қажет. Мұнда 177 тұрғын үй салынуда, биыл – 54, қалғандары өтпелі. Келесі жылы аяқталады», – деді әкім.

Сондай-ақ, ол жолдар, желілер, көшелер, тротуарлар құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Көгалдандыру, суландыру, субұрқақтар… Осының бәрі келесі жылы аяқталуы тиіс. Себебі аса мәртебелі қонақтар келеді деп күтілуде.

«Келесі бағыт – рухани-мәдени орталық. Келесі жылы Наурыз мерекесі кезінде түркі мемлекеттерінің Саммитін өткізу жоспарланып отыр. Бұл үлкен халықаралық оқиға және оған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шаралардың бір бөлігі мәдени орталықта өтеді», – деді Шөкеев.

Жергілікті тұрғындар да назардан тыс қалған жоқ. Ескі қалада 200 мың адам тұрады.

«Біз түркістандықтардың өмір сүру деңгейін қазіргі заманға сай деңгейге көтеруіміз керек», – деді облыс әкімі. Бірінші кезекте, су тапшылығы мен көгалдандыру мәселесін шешіп, содан кейін азық-түлік белдеуін және қаланың оң микроклиматын жасау қажет.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ө.Шөкеев: Түркістан облысындағы экономикалық жағдай тұрақты[:]

Mon Nov 16 , 2020
Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баяндады. Оның мәліметінше, үстіміздегі жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп 434,5 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 млрд. теңгеге артық. «Кәсіпкерлік облысымызда үлкен қарқынмен дамып келеді. Қазір облыста 142 мың ШОБ […]