Ө.Шөкеев: Түркістан облысындағы экономикалық жағдай тұрақты

Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баяндады.

Оның мәліметінше, үстіміздегі жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп 434,5 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 млрд. теңгеге артық.

«Кәсіпкерлік облысымызда үлкен қарқынмен дамып келеді. Қазір облыста 142 мың ШОБ өкілдері бар. 215 мың адам жұмыспен қамтылған, өнім былтырғыға қарағанда 11 пайызға артты. Өңірде инвестиция тартуға баса назар аударылады. Биыл қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 480,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өсім – 70 пайыздан артық», – деді Ө.Шөкеев.

Түркістан облысының әкімі өңірде ауыл шаруашылығы тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл саладағы өсім 635 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 пайызға артық.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологиялар енгізілуде[:]

Mon Nov 16 , 2020
Елбасының тапсырмасымен еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жаңа технологиялар енгізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, жобалар 3 бағытта жүзеге асырылып жатыр. «Алдымен шаруашылықтар ірілендірілуде. Қазіргі таңда ең үздік суару әдістері қолданылады. […]