Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологиялар енгізілуде

Елбасының тапсырмасымен еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жаңа технологиялар енгізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, жобалар 3 бағытта жүзеге асырылып жатыр.

«Алдымен шаруашылықтар ірілендірілуде. Қазіргі таңда ең үздік суару әдістері қолданылады. Атап айтқанда, Түркістан қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуі құрылып жатыр. Бұл жерде 11 мың гектарда кооперативтер ұйымдастырып, 1,5 мыңға жуық фермерлер біріктірілуде. 4 кооператив құрылды. Әрқайсысында 1 мың гектарға дейін жер телімі бар. Олар жаңбырлатып суару технологиясын енгізіп жатыр. Америкалық компаниямен бірге жұмыс істеуде. Бұл тәжірибе биыл алғаш рет пайдаланылып отыр. Екі өнім алынды: бидай және жүгері», – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, Ө.Шөкеевтің айтуынша, әр мың гектар жерде үлкен өңдеу өндірісі жолға қойылды. «Түркістан агро-21» компаниясы 795 га жерді суландырып, екі рет өнім алды, сондай-ақ келесі жылы 6 млрд теңгеге 1200 басты сүт тауарлы ферма іске қосылмақ. «СПК Сауран» компаниясы 795 га жерді суландырып, бордақылау кешенін салып жатыр.

Тағы бір «Ынтымақ агро» компаниясы 462 га жаңбырлатып суаурмен қондырғыларын орнатты. Бұл жерде құс фермасы іске қосылады.

«Екінші бағыт орташа шаруашылықтар арасында 2-3 өнім алу технологиясы. Бұл технология былтырдан бері барлық аудандарда іске қосылды. Биылдың өзінде 2 мың жоба іске асырылды», – деді Ө.Шөкеев.

Өңір басшысының айтуынша, бұдан бөлек, ауылдық жерлерде 10 сотық жерден бастап тамшылатып суару жүйесі технологиясы енгізілуде. Бұл жүйе бойынша 105 жоба «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттармен қаржыландырып жатыр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді[:]

Mon Nov 16 , 2020
Қазақстан Президенті Үкімет мүшелерімен, бірқатар орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде пандемия кезінде отандық дәрігерлердің тиісті тәжірибе жинағанын, бұл дерттің негізгі белгілерін айқындап, онымен күресу жолдарын үйренгенін атап өтті. Осы аралықта еліміздің денсаулық сақтау саласы біршама нығайып, жаппай тестілеу жұмысы жолға қойылды. […]