Түркістандық шаруалардың «ALTYN KÙZ – 2020» мерекесі өтуде

Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімінің 20 пайызын құрайтын облыстың негізгі саласы болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өтіліп, азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру,  еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту міндеттері қойылды.

Ағымдағы жылы бұл бағыттарда Түркістан облысы аграрлық саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 17,0 мың га артып 846,1 мың га орналастырылды.

Егістікті әртараптандыруға сәйкес:

масақты дақылдар 18,8 мың га артып, 250,5 мың га-ға,мал азықтық дақылдар 11,0 мың га артып, 212,7 мың га-ға -көкөніс, бақша 1,7 мың га артып, 120,5 мың га-ға орналастырылса, тиісінше мақта дақылы 5,5 мың га қысқартылып 125,8 мың га-ға егілді.

Масақты дақылдар тікелей егу әдісімен 1,5 мың га егіліп, өткен жылдан 3 есеге артты. Технология жұмыс күшін азайтып, еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыруға мүмкіндік берді.

75,0 мың тонна 500 түрлі минералды тыңайтқыштар 50 % жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге нарықтық бағадан 16 теңгеге арзандатылған бағамен 76,2 мың тонна жанар-жағар май босатылды.

Жаңадан 929 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5 % жетті.

Нәтижесінде. масақты дәнді дақылдар түсімділігі 1,2 ц/га артып, 20,5 ц/га-дан 513,2 мың тонна өнім жиналды (+ 65,6 мың тн).

Дәндік жүгері түсімділігі 4,3 ц/га артып, 51,0 ц/га-дан 231,7 мың тонна өнім жиналды (+ 16,8 мың тн).

Көкөніс, бақша, картоп дақылдарының түсімділігі 26,7 ц/га артып 239,4 ц/га-дан 3,1 миллион тонна өнім жиналып (+ 480 мың тн) рекордттық көрсеткішке қол жеткізілді. 726,9 мың тонна өнім Ресей, Украина, Белоруссия және басқа да сырт елдерге экспортқа жөнелтілді.

26,3 ц/га-дан  331 мың тонна шитті мақта жиналып, тоннасына 160 – 165 мың тенгеден 18 мақта өңдеу зауыттарының 166 қабылдау бекеттері арқылы қабылданды.

1,5 жылға жететін 3,9 млн. тонна мал азығы дайындалды. Мал азығының сапасын арттыру мақсатында құны  1,1 млрд. тенге құрайтын  қуаттылығы сағатына 25 тонна құрама жем өндіретін 3 жаңа кәсіпорындар іске қосылды.

         Облыста жеміс-жидектің көлемі 20,1 мың га, жүзім 10,1 мың га құрайды. Жаңадан 442 га қарқынды баулар отырғызылып, жалпы көлемі 3,1 мың га жетті. Қарқынды алма бауларынан гектарына 25 тонна, жүзімнен 15 тоннадан өнім алынды.

Су үнемдеу технологиялары 6,0 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 24,0 мың гектарға жетті. Оның ішінде тамшылатып суғару әдісі 21,1 мың га, жаңбырлатып суғару әдісі 2,9 мың га құрады.

Жылыжайлар 79 га салынып, жалпы көлемі 1 193 га құрады.

Жылыжайлардың негізгі бөлігі Сарыағаш (726 га), Ордабасы (78 га), Келес (76 га), Қазығұрт (61 га) аудандарының үлесінде. Республикада жылыжайлардың 67 % облыстың еншісінде.

Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру мақсатында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 128 ауыл округте 5,2 мың гектарды құрайтын 2000 жуық жобалар жүзеге асырылып 220,0 мың тн. өнім өндірілді.

Мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану тапсырмасына орай, үйіргелік жерлерді игеру қолға алынды. Бұл көп балалы аналардың, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың табысын артырып, өмір сүру деңгейін көтеруге серпіліс берді.

Нәтижесінде 287 жоба жүзеге асырылды, әр отбасы 850,0 мың теңгеден табыс тапты.  Оның ішінде, «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды.

2019 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің Қаулысымен Бөген, Қошқорған су қоймалары, Қараспан, Арыс, Түркістан магистралды каналдары және Қараспан су торабы республикалық меншіктен облыстық коммуналдық меншікке алынып, мамандандырылған «Бөген арнасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, 34 техникалармен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы мекеме Қараспан магистралды каналында механикалық тазалау және Түркістан, Арыс магистралды каналдарында дамбы көтеру жұмыстарын жүргізді.

«Түркістан», «Қараспан» магистральды каналдарының бойындағы иесіз, жекеменшік және коммуналдық меншіктегі 97 ішкі каналдарды орталықтан басқару мақсатында «Тұран-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммунальдық кәсіпорынның балансына қабылданды. Бүгінгі таңда, мекеменің өз қаражаты есебінен Ордабасы ауданында ұзындығы 51 шақырымды құрайтын 23 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 8580 гектар жердің ағын сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.

Бұдан бөлек, 15 каналға күрделі жөндеу жұмыстары және 5 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 41 336 гектар жердің ағын сумен қамтамасыз ету жақсарып, 719 гектар жер қайта айналымға қосылды.

Жыл сайын вегетациялық кезеңдегі туындайтын Мақтарал, Жетісай өңірлерінде ағын су тапшылығын шешу мақсатында, арнайы делегация Өзбекстан Республикасында іс-сапарда болып, «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы шілде айында 80 м3/сек., тамыз айында 70 м3/сек. су жеткізуге келісімге келіп, облыстың оңтүстік өңірлерінде ағын су тапшылығы оңды шешімін тапты.  

 «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылғы дейінгі кешенді жоспары» аясында  195,4 млн.м3 ағын су тапшылығын шешу үшін ірі су нысандары құрылыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:

  1. «Түркістан магистральдық арнасын күрделі жөндеу» жобасы (жоба құны 14,9 млрд.тг); Каналдың 18 шақырым бөлігін бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылдың өзінде 11,0 млн.м3 су үнемделді. Жобаны толық іске асыру нәтижесінде 60,0 млн.м3 су үнемделеді және қала аумағында 8 шақырым каналдың ұзындығы абаттандырылып, демалыс аймағы, веложолдар салынады.
  2.   «Сыйымдылығы 18 млн.м3 Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу жобасы (жоба құны 5,7 млрд.тг) ;

Үлкен бөгет құрылысы 12 метр биіктікке көтерілді, шағын бөгет және дренаж призмасы толығымен салынды. Келер жылдың қаңтар, ақпан айларының өзінде су қоймасына 10 млн.м3 су жиналады.

  1.  «Қосымша 34,7 млн.м3 ағын су беретін 134 дана тік ұңғымаларды қайта қалпына келтіру» жобасы (жоба құны 2,7 млрд.тг);  42 дана тік ұңғыманы қалпына келтіру толықтай аяқталды, жұмыстар жалғасуда.
  2. «Шошқакөл көл жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешенін салу» (жоба құны 2,3 млрд.тг); Бөгет 22 шақырым ұзындыққа көтеріліп, жұмыстар жалғасуда. Жобаны іске асыру Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, шағын-орта бизнесті және туризмді дамытуға жол ашылады.
  3. «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы (Жоба құны 30,2 млрд.тг).

Жобаға техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауына енгізілді. Нәтижесінде Түркістан магистралды каналына
80 млн.м3 ағын су қосымша жеткізіледі.

Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы аясында 11 мың гектар алқапты жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. Бүгінгі таңда, Кентау қаласы «Шаға» ауылдық округінде 2000 га жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді.

Технологияның тиімділігі: дақыл түріне қарай ағын суды 2-3 есеге үнемдеп, өнімділікті 2-4 есеге арттырады.

Сондай ақ, азық-түлік белдеуі аясында құны 23,5 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді инвестициялық жобаларды жүзеге асырылуда.

Ауылдағы кооперациялық желіні дамыту және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Егіс алаңынан – сауда қатарына дейін» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл бағытта Үкімет резервінен 1,0 млрд теңге қаржы бөлініп, 4 қайта өңдеуші кәсіпорындарға 809,0 млн. тг несие берілді. 573 тонна ірі қара мал еті, тауық еті және сүт өнімдері қол жетімді бағада сауда нүктелері арқылы халыққа ұсынылуда.

Мал шаруашылығында мал мен құс басы орташа 5-6 %-ға, өнімі 6-7 %-ға артты. Республика бойынша ірі қара мал санының 14,0 %, ұсақ малдың 22,0 %, жылқының 12,0 %, түйенің 15,0 % және өндірілген еттің 12,0 %, сүттің 14,0 % өңірдің үлесінде.

Шетелден мал басын импорттау бойынша 7892 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу жобалары мақұлданып, 2891 басы облысқа жеткізілді.

Ірі қара аналықтың 36,0 % асыл тұқымды бұқамен түрлендіріліп, қатысу үлесі жөнінен Республикада – 2 орынды иеленді.

Ұсақ малдың  49,7 % асыл тұқымды қошқарлармен түрлендіріліп, Республикада –  1 орынды иеленді.

Түйе шаруашылығын дамыту іс-шарасы аясында 4125 бас түйе сатып алынды. Оның ішінде: қаржы ұйымы арқылы 3 агроқұрылым 1255 бас, өз қаражаты есебінен 56 агроқұрылым 2870 бас сатып алды. Нәтижесінде тиісті кезеңде түйе саны 16%-ға артып 34,1 мың басты құрады.

Ет экспортының әлеуетін арттыру бағытында Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тонна сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тонна қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тонна жылқы еті  экспортталды.

Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне 13 тонна шұжық өнімдері және 1900 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылды. Республикада ІҚМ етін экспорттау бойынша облыс 1 орында.

Облыста балық шаруашылығын дамытудың арнайы өңірлік бағдарламасы әзірленуде.

Тауарлы балық  өсіруге жарамды көлдер саны – 134 бірлік, жалпы алаңы –       25475 гектарды құрайды. Оның ішінде 23 су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілді, қосымша 21 су айдыны конкурсқа қойылды.

Бүгінгі таңда, өңірде балық шаруашылығымен 68 кәсіпорын айналысады, жылдық қуаттылығы 8,0 мың тоннадан астам. Тиісті кезеңге 2,3 млрд теңгені құрайтын 5186 тонна тауарлы балық өндірілді, Республикада 1 орын, үлесі 21 % құрады.

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 15 түрлі аса қауіпті ауруларға қарсы 39,5 млн доза вакцина ауыл шаруашылығы жануарларына және 400,0 мың доза құс тұмауына қарсы егіліп, эпизоотиялық жағдайдың тұрақтылығы қамтамасыз етілді.

2,5 млн бас ірі малдар, 8,4 млн бас ұсақ малдар және 95,2 млн шаршы метр қора-жайлар мен жапсарлас аумағы және мал иірімдері кенеге қарсы өңдеу жұмыстары атқарылды.

Шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында қайта өңдеу кәсіпорындары ашу және модернизациядан өткізу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Облыста 11 бірлік ет өңдеу, 22 бірлік сүт өңдеу, 22 бірлік жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.  Осы кәсіпорындар есебінен өндірілген еттің 25,6 %, сүттің 15,7 %, жеміс-көкөністің  5,3 % қайта өңделуде.

Ағымдағы жылы Бәйдібек ауданында «Ақбастау-2050» Селолық тұтыну кооперативі  «Қуаттылығы 55 тонна ет өңдейтін кәсіпорыны» іске қосылды, Қазығұрт ауданында «Қарқын 2030» ЖШС-нің «Жылына қуаттылығы 3,0 мың тонна ет өнімдерін өңдеу», Сайрам ауданындағы «Южанка-5» ЖШС-нің «Жылдық қуаттылығы 1000,0 тонналық жеміс-көкөніс өңдеу» кәсіпорындары модернизациядан өтті.

Нәтижесінде қайта өңдеу көлемі 64,3 млрд. теңгені құрап, индексі  102,5 % өсті.

Ағымдағы жылы қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы жобаларына 34,0 млрд.тг несие беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 18 % артты. 3698 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы бюджеттен 4,9 млрд. тенге бөлініп, Республикада үлесі 11,4 % құрады. Нәтижесінде 1282 жоба қаржыландырылып, 1286 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Елімізде, әлемде орын алған пандемия жағдайында өнімді өткізу мәселелері және Өзбекстан Республикасы «Сардова» су қоймасындағы төтенше жағдайлар барысында шығынға ұшырған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін шұғыл қолдау шаралары жүзеге асырылды.

Нәтижесінде өнім өткізу бағасының төмен болуына орай, қырыққабат еккен тауар өндірушілердің екінші өнімін егуін қамтамасыз ету үшін, ҚР Үкіметі резервінен жылдық 0,01% пайызбен 1,6 млрд. теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

Мақтаарал, Жетісай аудандарының 11 елді-мекендерінде 5,9 мың гектар егістік алқаптар су астында қалып 1031 тауар өндірушілердің 1,2 млрд. теңге  шығындары өтелді.

Өзбекстан мемлекетінен көмек ретінде жалпы 43 ауыл шаруашылығы техникалары, оған қоса 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізіліп су басқан егістік жерлер қайта өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

931 бас ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселері шығарылып жойылды. 22 азаматқа тиісті құжаттандырылған 147 бас ауыл шаруашылығы жануарларына  «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік қоры арқылы 10,6 млн. теңге өтемақы төленді.

445,3 гектар аумақты залалсыздандыру үшін облыстық резервтен 41,1 млн. теңге бөлініп ветеринариялық қауіпсіздік сақталды.

Ағымдағы жылы облыста 30 мыңнан астам агроқұрылымдарға 33,0 млрд. теңге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 10 айда  635,3 млрд. теңге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 18,5 млрд. теңгеге артты, сәйкесінше еңбек өнімділігінің өсімі 107,3 % құрады. Жыл соңына дейін жалпы өнім көлемі 720,0 млрд. теңге нақты көлем индексі 104 % жеткізіледі.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады[:]

Wed Nov 18 , 2020
2021-2026 жылдар арасында, яғни, 7-шақырылымда облыс, аудан, қала бойынша 320 мандат беріледі деп күтілуде. Оның 275-і аудандық және қалалық мәслихатқа жіберілсе, 45 депутат облыстық мәслихатқа сайланбақ. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында партия 45 орынға 84 кандидаттың тізімін ұсынып, ол бірауыздан бекітілді. Бұған дейін облыстық мәслихаттағы […]