Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады

2021-2026 жылдар арасында, яғни, 7-шақырылымда облыс, аудан, қала бойынша 320 мандат беріледі деп күтілуде.

Оның 275-і аудандық және қалалық мәслихатқа жіберілсе, 45 депутат облыстық мәслихатқа сайланбақ.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында партия 45 орынға 84 кандидаттың тізімін ұсынып, ол бірауыздан бекітілді.

Бұған дейін облыстық мәслихаттағы 45 мандаттың небәрі 1-еуі ғана әйел депутатқа тиесілі болса, енді әйелдердің саны 30 пайызға дейін артады.

Қазіргі шақырылымда 35 жасқа дейін бірде-бір депутат жоқ болса, енді ол 20%-ға артпақ.

Оған қоса алдыңғы шақырылымдағы 45 депутаттың 24-і бұл саяси додадан қалыс қалып отыр.

Мәслихаттың 50 пайызы әйелдер мен жастар арқылы жаңарып, қалған тобы праймериз қорытындысы бойынша үздік атанғандармен толығады.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады[:]

Wed Nov 18 , 2020
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттандыру стратегиясын іске асыру және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды. Сонымен қатар министр азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталып, аталған бағыт бойынша алға қойылған міндеттерді орындаудың нақты жоспарлары туралы мәлімет берді. Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған жұмыстарды жалғастыра беруді атап […]