Шымкентте бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде

Шымкент қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Шаршы алаңның мықтылары 22-29 қараша аралығында былғары қолғапта күш сынасады.

Қалалық көркем гимнастика мектебі спорт кешенінде ұйымдастырылған додада еліміздің ең үздік былғары қолғап шеберлері бақ сынайды. Оның ішінде Олимпиада ойындарына жолдама иеленген боксшылар да бар.

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстарының, еліміздің барлық аймағының үздік спортшылары қатысуда.

Санитарлық мекеме өкілдерімен бірге жаттығу өтетін залдар, қонақүйлер, жекпе-жек өтетін орындар дезинфекцияланып, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып отыр.

Айта кетейік, жарыс көрермендерсіз өтуде.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында олимпиадалық емес спорт түрлері дами түспек[:]

Thu Nov 26 , 2020
Бүгін «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері басқосты. Спорт жанашыларының кездесуінде олимпиадалық емес спорт түрлерінің халықаралық имиджін көтеру бағытындағы жобалар талқыланды. Бірлестіктің Құрметті Президенті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаевтың айтуынша, жоспарға сай келер жылы атқарылу тиіс жұмыстар аз емес. […]