Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пилоттық жоба іске қосылады

Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пилоттық жоба қолға алынды. Енді олар 2021 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы техникалық оңалту құралдары мен арнайы әлеуметтік қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады.

Портал арқылы мүгедек деп танылған азаматтар өзіне қажетті тауар мен қызметті өз бетінше таңдауға мүмкіндігі бар.

Ақпараттық порталды сапалы қызмет көрсетуді қаматамасыз ету үшін Әлеуметтік кызметтер саясатын дамыту департаментінің аға сарапшысы Айдар Сапаров Шымкент қаласындағы сала мамандарына порталдың артықшылығы жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Шымкентте мүгедектігі бар жандар қажетті құралдар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге 2020 жылдың 3 маусымынан бастап портал арқылы өз бетінше тапсырыс беріп келген болатын. Келер жылы портал арқылы қызметтерді алу үшін ақпараттық жүйенің барлық пайдаланушылары ЭЦҚ-мен толық қамтамасыз етілсе http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы өз бетінше қызмет алуға мүмкіндігі бар.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Прокурор Қызылорда облысының экс-әкімін 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады[:]

Thu Nov 26 , 2020
№2 қалалық сотта Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ісі аяқталуға жақын қалды. Прокурор судья кеңесу бөлмесіне кетер алдында мәлімдеме жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Мемлекеттік айыптаушы экс-әкімді сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрап, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (Аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша Қызылорда облысының экс-әкімін кінәлі деп тануды сұрады. Сондай-ақ, […]