Мәжіліс сайлауына «Ауыл» партиясынан 19 кандидат қатысады

«Ауыл» партиясы алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттарының тізімін ұсынды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссияның отырысында мәлім болды.

Отырыс алаңында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге қойылатын басты талаптарды атап өтті.

«Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан азаматы болуға; соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында тұруға; жасы 25-тен кіші болмауға; белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс. Сондай-ақ, партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған азаматтардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс», – деді Асылбек Смағұлов.

Сонымен қатар, жиын барысында «Ауыл» партиясының партиялық құрамында 19 адам бар екендігі белгілі болды. Оның ішінде төрт әйел және 29 жасқа толмаған екі азамат бар. Бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,5 пайызын құрайды.

Осылайша Орталық сайлау комиссиясы мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулыны қабылдады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Жолдардың сапасы бойынша Қазақстан әлемде 93-орында[:]

Thu Nov 26 , 2020
Жолдардың сапасы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 141 елдің ішінен 93-орынға ие болды, деп хабарлады energyprom.kz. Жолдарының сапасы жоғары ТОП-3 елдің қатарына Сингапур, Нидерланд және Швейцария кірген. Елімізде қаңтар-қазан айларында транспорт және қойма саласына 959,5 млрд теңге инвестиция құйылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% артық. Аймақтар бойынша негізгі инвестициялар ағыны Ақтөбе […]