Түркістан облысында екі әйел газдан уланып көз жұмды

Түркістан облысының Төлеби ауданында газдан уланып, екі әйел көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмдар 49 және 47 жастағы жергілікті тұрғындар. Қайғылы жағдай өткен түні Ленгер қаласындағы жергілікті үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқару тобы моншадағы газ қондырғысының техникалық талаптарға сай орнатылмағанын анықтады. Газ арқылы жылынатын қазандық пен су жылытқыш көмір жағатын пеші моншаның дәретханасына орнатылған екен. Екі құрылғының мұржасы шатыр арқылы сыртқа шығарылып, салдарынан мұз қатып, бітеліп қалған. Құтқарушылар негізгі талап бойынша мұндай бөлмелерге газ құрылғыларын орнатуға тыйым салынғанын айтады. Төтенше жағдай жөніндегі арнайы топ су жылытқыштың аузын бекітіп, газ беруді тоқтатқан. Тиісті акті толтырылып, қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 Бақытжан Запаров, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

– Биылғы жылыту маусымы басталғалы облыста 3 жағдай тіркелді. Оның екі улы газбен улану, біреуі табиғи газбен улану жағдайы. Үшеуінде де адам өлімдері болды. Екі жағдай Төлеби ауданы Ленгер қаласында орын алды. Біреу Сайрам ауданы Ақсукент ауылында болды. Әсіресе, газ қондырғыларын пайдалану кезінде осыған мән берілсе екен.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Елбасы туралы жаңа фильмнің тизері жарияланды[:]

Fri Nov 27 , 2020
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Хабар” телеарнасына сұхбат берді, – деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі. Елбасының баспасөз хатшысы жаңа фильмнің тизерін жариялады. “1 желтоқсанда сағат 21.40-та “Хабар” телеарнасының эфирінде журналист Айгүл Әділованың Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен жасалған “Портретке штрихтар” деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы өтеді”, – деп жазды Айдос […]