Шымкентте жыл басында қару-жарақ алып, әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметкерге қатысты атышулы процесс аяқталды. Әскери бөлім командиріне үкім оқылды деп хабарлайды КТК.
Телеарна дерегінше, қару ұрланған әскери бөлім командирі Ержан Дәуітов 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот айыпталушының пара алу және немқұрайлылық бойынша кінәсі дәлелденді деп санады.
Сот отырысында белгілі болғандай, бұрынғы әскери өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланған. Сол кезде қызмет еткен мерзімді әскери қызметшілер оған қарсы куәлік берген. Олар командирді ұрып-соғып, бопсалады деп айыптады.
Сондай-ақ әскери қызметшілер командирге белгілі бір ақы төлеу арқылы еңбек демалысын, демалыс алып, тіпті лауазымын жоғарылататыны анықталды.
Алайда әскери үкіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсіретінін айтты.
Айта кетейік, істің басты айыпталушысы Абылай Балғынбай 10 жылға бас бостандығынан айырылды.