Түркістан: Жол ережесін бұзғандарға 4 млрд. теңге айыппұл салынды

Облыс көлемінде орын алған жол – көлік оқиғаларының саны былтырғы жылмен салыстырғанда 14,8 % – ға, қаза болғандардың саны – 5,4 % – ға, жарақат алғандардың саны – 23,1 пайызға төмендеді. Оның ішінде Республикалық маңызы бар тас жолдарда орын алған апат саны 16 % – ға азайған. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде қаралды.

Жыл басынан бері облыс жолдарында автоматты құралдармен 265 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған. Олар бойынша 4 млрд. теңгегеге жуық қаражатқа ұйғарымдар шығарылып, жартысынан астамы өндірілген.

Полиция жол-көлік оқиғаларының орын алуының негізгі себептерін айқындады. Атап айтар болсақ, жылдамдықты арттыру, маневр жасау, сонымен қатар, облыстағы жол сапасының жақсарғандығынан жүргізушілердің басым бөлігі жылдамдықты шектен тыс асырып, қиылыстар мен бұрылыстарда апатқа ұшырауда. Сондай-ақ үй жануарларының тосыннан жолға шығуынан орын алған апат саны артқан. Сондықтан ішкі істер органдары жол бойында қараусыз жүрген үй жануарларының иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін көтерді.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақты[:]

Fri Dec 4 , 2020
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов қаладағы эпидемиологиялық ахуал бойынша баспасөз брифингін өткізді. Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді. Бүгінде қалада 1 060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 838 төсек-орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 222 […]