Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Әкім Елбасының Жарлығымен республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылған Шымкент қаласының даму бағыттары туралы баяндай отырып, әсіресе, Президент Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз етудегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Осы бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймағын іске қосу жоспарланып отыр. Біріншісі – аумағы 136 гектар жерге заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу бойынша 28 жобаны іске асады. Екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді, сонымен қатар шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобалар жүзеге асады, – деді қала әкімі.

Жалпы, Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Мәселен, осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарланып, бүгінгі таңда 5,3 млрд.теңгеге 10 жоба іске қосылды.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«СҚО-да туғандардан гөрі, өлгендер саны көп»: Сенаторлар Маминге депутаттық сауал жолдады[:]

Fri Dec 4 , 2020
Айгүл Қапбарова, Мұрат Бақтиярұлы, Динар Нөкетаева, Алтынбек Нухұлы, Нариман Төреғалиев бастаған сенаторлар халықты оңтүстік өңірлерден солтүстікке аймақтарға қоныс аудару процесінде туындайтын мәселелер бойынша Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев солтүстік аймақтарда тұрғындар санының кеміп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, қоныс аударушыларға берілетін жәрдемақыны екі […]