Алматыда автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты

Алматыда автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Оқиға 19 желтоқсан күні Жүргенев пен Жангелдин көшелерінің қиылысында болған.

«Лада Гранта автокөлігінің жүргізушісі Жүргенев көшесі бойымен шығыс бағытта келе жатып Жангелдин көшесінің қиылысындағы 2.4 жол белгісін елемей, оңтүстік бағытта келе жатқан Yutong маркалы автобусымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің жүргізушісі және оның үш жолаушысы, сонымен қатар, автобустың екі жолаушысы жарақат алды», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі (Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мемлекет басшысы әкімдермен кеңес өткізді[:]

Sun Dec 20 , 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді. Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелері талқыланды. Президент бұған дейін берілген тапсырмалардың атқарылуы жайындағы әкімдердің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына пандемия жағдайында халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету маңызды екенін […]