Мемлекет басшысы әкімдермен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді.

Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелері талқыланды.

Президент бұған дейін берілген тапсырмалардың атқарылуы жайындағы әкімдердің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына пандемия жағдайында халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Жиын соңында Мемлекет басшысы әкімдерге аймақтарды дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың өзекті мәселелерін шұғыл шешу, сондай-ақ, Жұмыспен қамту жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Жерге қатысты даулы мәселе өршіп тұр[:]

Mon Dec 21 , 2020
  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы ШӨКЕЕВТІҢ, Түркістан облысының прокуроры Марат Тілеуқабылұлы АЛИХАНОВТЫҢ, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Әбілсейіт Оразахынұлы ДҮЙСЕБАЕВТЫҢ, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Сұлтанбайұлы ДӘЛБЕКОВТІҢ назарларына! ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ДАУЛЫ МӘСЕЛЕ ӨРШІП ТҰР Жер … Жер – өмір, халық, тарихпен қат-қабат араласып жатқан ұғым. Жер […]