Шымкентте тәулігіне 1000 шаршы метр травертин тасы өндіріледі

Шымкент қаласында травертин өндіретін «Бесқұдық тас» зауыты еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында осы жылдың басында іске қосылған.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан өндіріс орнындағы үш цехта тасты қайта өңдеп, құрылысқа қажетті пішіндегі материалдар шығарады.

Кәсіпорын тәулігіне 1000 шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. Өнімдердің 80 пайызы ішкі нарықты қамтуға бағытталған. Дайындалған травертин материалдар қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне, әр түрлі декортивті ескерткіштер мен мүсіндерге қолданылып отыр.

–Кәсіпорыннан ешқандай қалдық шығарылмай қайта өңделеді. Үш цехта да тас кесу жұмысы сумен бірге атқарылады. Кесуде қолданылған су 400 тонналық 5 бассейнге жиналады. Құрамындағы майда тас қиыршықтары сүзгіден өткізіліп, оны гидроқысым арқылы 4 түрлі кірпіш өндіріледі,-деді «Бесқұдық тас» ЖШС директорының орынбасары Жаңабек Сопаев.

Сонымен қатар, бұл жерде өндірілген тас өнімдері сапа стандартына сай келеді. Әрі радиация бөлмейтін  таза экологиялық тауар саналатындықтан алыс жақын шет елдерден сұраныс артып келеді. Бүгінде Өзбекстан, Ресей және БАӘ елдерінен де тапсырыс түсіп отыр.

Өндіріс орнында 98 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алыс ауданнан келетін жұмысшылар үшін 45 адамға арналған жатақхана да қарастырылған. Сондай-ақ, жұмысшылар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте 8-қабаттан құлап кеткен бала тірі қалды[:]

Wed Dec 23 , 2020
Шымкентте 12 жасар бала көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті, деп жазады Otyrar.kz. Оқиға Шымсити шағынауданында болған. Дәрігерлер баланың жағдайы аса ауыр деп отыр. Тірі қалғанымен, ол қазір жансақтау бөлімінде. Оның өміріне болжам айта алмаймыз дейді ақ халаттылар. Баланың терезеден қалай құлап кеткені белгісіз. Оның ата-анасы оқиға кезінде қайда болғаны да […]