Шымкентте 8-қабаттан құлап кеткен бала тірі қалды

Шымкентте 12 жасар бала көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті, деп жазады Otyrar.kz.

Оқиға Шымсити шағынауданында болған.

Дәрігерлер баланың жағдайы аса ауыр деп отыр. Тірі қалғанымен, ол қазір жансақтау бөлімінде. Оның өміріне болжам айта алмаймыз дейді ақ халаттылар.

Баланың терезеден қалай құлап кеткені белгісіз. Оның ата-анасы оқиға кезінде қайда болғаны да әлі айтылмады. Бұл іспен полиция айналысып жатыр және олар әзірге ешқандай мәлімет берген жоқ.

Ал көршілері оқиға болған кезде үйде қыздың ата-анасы болған жоқ дейді. Оқушыға қарауға анасының туысы келген көрінеді. Бірақ ресми орган бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы тағайындалды[:]

Wed Dec 23 , 2020
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының бұйрығымен «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Майғазиев Сәкен Қордабайұлы тағайындалды. Сәкен Қордабайұлы 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 1993 ж. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк […]