Шымкенттік алаяқ СҚО тұрғындарына несие ресімдеген

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қызметтік іссапар барысында азаматтардың атына несие ресімдеген Шымкенттің тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшылары интернет-алаяқтың бейтаныс адамдардың құжаттарын қайдан тапқандығы туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтып берді.

Маусымнан қыркүйекке дейінгі аралықта полицияға Петропавл қаласының бес тұрғыны бір тектес арыздармен жүгінген. Олар интернет арқылы өз аттарына микроқаржылық ұйымдардан қарыздар ресімделгенін анықтаған. Қарыз сомасы жарты миллион теңгеге дейін барған.

Интернет-алаяқты іздеу шаралары полиция қызметкерлерін оңтүстік аймаққа алып келген. Полицейлер алаяқтыққа Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады.

Іссапар барысында күдікті өз үйінде ұсталды. Жауап алу кезінде ол  жәбірленушілердің жеке куәліктерінің фотосуреттерін интернеттен тапқанын және сол адамдардың құжаттары бойынша несие алғанын түсіндірді.

– Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қылмыстың бұл түрі үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деп атап өтті Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Жангелді Əпенов.

Полиция алаяқтардан сақтану мақсатында төмендегі қағидаларды ұстануды ұсынады:

– жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз;

– жеке құжаттардың фотосуреттерімен бөліспеңіз;

– әлеуметтік желілердегі парақшалардың логині мен паролін, шот нөмірін, банк картасының артқы жағында орналасқан кодтарды құпия ұстаңыз.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Мереке кезінде гарнизон он күн күшейтілген режимде жұмыс істейді[:]

Sat Dec 26 , 2020
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді. – Шымкент қаласының тұрғындарына Полиция департаментімен бірігіп, жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттарды қолдану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында түсіндірме және өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, 21 рейдтік іс-шара […]