Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Президент жолдауында министрліктерде жауапты хатшы қызметін қысқартуды тапсырған еді. Олардың міндеті министрліктердегі аппарат жетекшілеріне ауыстырылады.

«Жауапты хатшылар институтына тоқталғым келеді. Осы институтты енгізген кезде олардың ауыспалы болмауы министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстан босатады, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп жоспарланған. Іс жүзінде олай болмады. Онымен қоса, министрлер мен жауапты хатшылар арасында түсіністіктің болмауы жиі кездеседі. Нәтижесінде ортақ іске нұқсан келтіріледі. Сұраныс бір адамнан, Президент тағайындайтын министрден болуы тиіс. Сондықтан жауапты хатшылар институтын қысқарту керек. Олардың міндетін министрліктердің аппарат басшыларына жүктеу қажет», – деді Тоқаев.

Жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін Президент мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға жыл соңына дейін түзетулер пакетін қабылдауды тапсырды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте 82 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады[:]

Mon Dec 28 , 2020
Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде шаһарда алаңы 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның ішінде, жеке құрылысшылар есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй де бар. Президент Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең […]