Жыл басынан бері Қазақстан кәсіпорындарында 185 адам қаза тапқан

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында елдегі өндірістік жарақат жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, соңғы 3 жылда өндірістік жарақаттану 15%-ға төмендеген, оң динамика сақталуда.

«Сонымен қатар, осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша республика кәсіпорындарында 1 мың 300 адам зардап шекті, оның ішінде 185 адам қайтыс болды. Өндірістік жарақаттанудың өсуі Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында байқалады», – деп атап өтті Нұрымбетов.

Министр мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша 33 лауазымды тұлға жұмыстан шеттетілгенін, 11 жабдықтың жұмысы тоқтатылғанын, құқық қорғау органдарына 812 іс жіберілгенін, олар бойынша 97 қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Өндірісте зардап шеккен, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің санын азайту жөніндегі кешенді шаралар Үкімет бекіткен 2019-2023 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде іске асырылуда», – деп түйіндеді министр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«NUR OTAN»: Тұрғын үй құрылысының қарқыны артады[:]

Thu Dec 31 , 2020
Жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде 39 мыңнан астам азамат тіркелген. Оның 5 505-і көп балалы отбасылар. 100 мыңнан астам азамат несиелік тұрғын үйге өтініш берген.Осы орайда, «NUR OTAN» партиясы жаңа баспананың әрбір отбасыға қолжетімді болуын белсенді түрде қолдайды! Партия бағдарламасына сәйкес, қалада 5 жыл ішінде 3 млн. ш.м. баспана […]