Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған қария жазаланды

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған егде жастағы ер азаматқа айыппұл салынып, жүргізуші куәлігінен айыратын болады.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері екі автокөлік жүргізушілерінің арасында ерегіс жазылған бейнежазбаны анықтады. Тексеру барысында оқиға Келес ауданы елді мекендерінің бірінде орын алғаны белгілі болды. “Шевролет” автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, “Лада”автокөлігін соққан.

Келес ауданы полицейлерінің атқарған шараларының нәтижесінде жол апатына кінәлі және өз кінәсін мойындаған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Егде жастағы ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 4 бабы : 593-бабының 2-бөлігі “жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау”, 601-бап “жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау” және 610-бап “көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соғуы”, 611-бап “жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынуы мен жүргізуші куәлігінен айыру үшін сотқа жолданады. Өз кезегінде, “Лада” көлігінің жүргізушісі жол көлік оқиғасына кінәлі азаматқа қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартты.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау мен өзге де адамдармен қарым қатынас кезінде мәдениеттілік таныту қажеттігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫНА ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНЕН АЛҒЫС[:]

Mon Jan 11 , 2021
Жастардың бастамаларын жан-жақты қолдағаны және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуға кеңінен тартқаны үшін Түркістан облысының басшылығына Қорғаныс министрінен алғыс хат табыс етілді. «Әскери-патриоттық клубтарда оқып шыңдалған жастар кейіннен әскерге шақырылғанда немесе әскери оқу орындарына түскенде әскери ғылымдардың қыр-сырын меңгеруде анағұрлым жоғары дәреже көрсетеді және әскери қызмет жағдайларына оңай бейімделеді. Қорғаныс […]