ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың алдын ала қорытындысын жариялады.

ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, «Ауыл» партиясы сайлаушылардың 5,29 пайыз, «Nur Otan» партиясы 71,09 пайыз, «ADAL» партиясы 3,57 пайыз, «Ақ жол» партиясы 10,95 пайыз және «Қазақстанның Халық партиясы» 9,10 пайыз дауысын жинаған.

Естеріңізге сала кетсек, кеше түнде «Қоғамдық пікір» институты жүргізген Еxit poll нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» партиясына, 71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына, 3,07 пайызы «ADAL» партиясына, 10,18 пайызы «Ақ жол» партиясына, 9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген.

10 қаңтар күні өткен Мәжіліс пен мәслихаттардың депутатын сайлауға тізімге енген сайлаушылардың 63,1 пайызы қатысты.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз депутат сайланды[:]

Mon Jan 11 , 2021
Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Үміткерлерге ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс берген. Айта кетейік, ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткер: Сауытбек Әбдірахманов – Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты; Аветик Амирханян – БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі; Ілияс […]