Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз депутат сайланды

Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Үміткерлерге ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс берген.

Айта кетейік, ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткер:

  • Сауытбек Әбдірахманов – Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
  • Аветик Амирханян – БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі;
  • Ілияс Буларов – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
  • Наталья Деменьтева – Көкшетау білім басқармасының «Технический лицей» КММ директоры;
  • Юрий Ли – «Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы;
  • Вакиль Набиев – күрттердің «Барбанг» қауымдастығының» вице-президенті;
  • Шамиль Осин – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
  • Владимир Тохтасунов – «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры;
  • Абилфас Хамедов – «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы.

Сауытбек Әбдірахманов үшін 298 бюллетень, Аветик Амирханянға – 270, Ілияс Буларовқа – 274, Наталья Деменьтевке – 292, Вакиль Набиевке – 285, Юрий Лиге – 282, Шамиль Осинге – 271, Владимир Тохтасуновқа – 277, Абилфас Хамедовке – 290 бюллетень берілген.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Тоқаев Жапаровты сайлаудағы жеңісімен құттықтады[:]

Mon Jan 11 , 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, дауыс беру нәтижесі ол ұсынған Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету және мемлекеттілігін одан әрі нығайту бағдарламасы бүкілхалықтық қолдауға ие болғанының куәсі екенін атап өтті. Қазақстан Президенті бауырлас Қырғызстанмен арадағы ынтымақтастықты екі ел халқының мүддесіне сәйкес достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында […]